Түркістан облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 1600-ден астам іс-шара өтті

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 1600-ден аса түрлі деңгейде іс-шара ұйымдастырылды. Басым көпшілігі пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта өтті. Бұл Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев мәлімдеді.

image.png

- «Түркістан облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін мерекелік іс-шаралар жоспары облыс әкімімен наурыз айында қайта бекітілді. Осыған байланысты қосымша 76 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның 7-еуі халықаралық, 6-уы республикалық және 63-і облыстық деңгейдегі мерекелік жиындар», – деді Д.Сариев.

Сондай-ақ, облыс орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көп функционалды «Керуен сарай» кешені, «Тұңғыш Президент саябағы», «Жібек жолы саябағы», «Фараб» кітапханасы, драма театр, тұрғын-үй кешендері және басқа да нысандар пайдалануға берілді. Одан бөлек, халықаралық деңгейде түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті, «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстел, «Түркістан медиа форум: инвестициялық және туристік мүмкіндіктері» және «Ұлы Жібек Жолы-Ұлы мұра» тақырыбында онлайн және офлайн форумдар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, мерейлі мерекеге орай Республикалық деңгейде «OIQAZAN» зияткерлік ойыны, «Түрленген, гүлденген – Түркістан» республикалық ақындар айтысы, «Жас талант» онлайн-байқауы өтті. Облыстық деңгейде «Тәуелсіздік қарлығаштары» атты шығармашылық байқауы, «Ұлы дала дастаны» атты жеке шығармашылық көрмесі, «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты өнер фестивалі, «Ұлттық мұра жаршысы» өнер фестивалі, «Мекенім – жасыл елім» акциясы ұйымдастырылды.

Өз кезегінде Қоғамдық даму басқармасы «Мемлекеттік идеологияны насихаттау және «Рухани жаңғыру» бөлімінің бас маманы Жеңіс Опышев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бастамасын іске асыру шеңберіндегі «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы ұйымдастырылып жатқанын сөз етті.

- «Аталған жобаға облыстағы барлық мемлекеттік органдар, бизнес секторының өкілдері және волонтерлік ұйымдар атсалысып келеді. Мәселен, марафон аясында осы жылдың жартыжылдығында 300-ге жуық іс-шара өткен. 9 мыңға жуық азамат қайырымдылыққа бөленіп, материалдық және рухани көмекке ие болды», – деді Ж.Дәулетұлы.

Айта кетейік, облыста «Қайырымды істер марафоны» жобасы бойынша жыл басынан бері жалпы БАҚ көздерінен 534 материал жарық көрген. Оның ішінде 58-і баспа БАҚ, 96-і электронды БАҚ, 178-і ақпараттық сайттан, әлеуметтік желі (Facebook) 202 материал жарияланған.