Қариялардың құрметіне аллея ашылмақ
Ел қариясы – ел қазынасы. Елдің қазынасына айналған қарияларымызға деген құрмет маңызды. Себебі, қоғамның дамуы адам еңбегінің жемісі деп есептесек, елінің болашағы үшін еңбек еткен азаматтар құнды әрі қадірлі. Қарты бар елдің - қазынасы бар демекші қариясын сыйлап, құрметтеген ел қашан да озық болмақ.
Осы негізде, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, Жібек жолы көшесінің бойынан "Ардагерлер саяжолы" аллеясы ашылмақ. Бүгінде мұнда құрылыс жұмыстары жүруде. Қаржы жергілікті ауыл бюджетінен қаралған.
Мемлекеттік тапсырыспен жеңімпаз атанған мердігер мекеме "ҚарасуСтройИнвест" ЖШС 11млн теңгеге құрылыс жұмыстарын толық жүргізуі тиіс.
Аллея шілде айының соңында пайдалануға берілмек.