Отбасылық іс-шараны тоқтатыңыздар

9.jpg

Созақ аудандық Ардагерлер кеңесі халыққа үндеу жариялап, көпшілікті карантин талаптарын сақтауға шақырды. 

«Көріп біліп отырғандай, еліміздегі эпидимологиялық жағдай күннен- күнге күрделеніп келеді. Қазір «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары болса, «сары» аймақта: Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Өзіміз туып өскен Созақ ауданында да індет жұқтырғандар саны арытып, жағдай қиындап отыр. Бір өкініштісі, жасөспірім – оқушы балалар мен 60 жастан асқан үлкен кісілер арасында індет жұқтыру фактісінің саны арытуда. Бұл бәріміз үшін қорқынышты жағдай. 

Өткен жылдың жанымызға салған жарасын әлі ұмыта қойған жоқпыз. Осы індеттің кесірінен қаншама асыл азаматтарымызбен ет жақын бауырларымыз келместің кемесіне отырып кетті. Оған бәріміз кінәліміз. Себебі, карантин талабына бой ұсынбай жасырып той-құдалық жасадық, ас жиын өткіздік. Бетперде тақпадық. Қысқасын айтқанда виурстың бар екеніне сенбедік болмаса қауіпін жете түсінбедік. Оның арты орны толмас өкінішке алып келді. 

Үстіміздегі жылдың жаз айларында вирус қайта белең алып, жағдай күрделеніп отыр. Ал, біз әлі күнге той жасап, қызық қуып, ас жиын жасап, індетті елемей, емен- жарқын жүрміз. Әсіресе үлкен жастағы кісілер өлім жітім, құдайы аста көп жүреді. Мұның соңы үлкен өкінішке алып келеді. Сондықтан сіздерден өтінеміз! Жасырып той-жиын, құдалық, ас жиын өткізуді, отбасылық іс шараны тоқтатыңыздар. Көпшілік жиналған жерге бармаңыздар. Өткен жылы ғана талай адам той- тойлап жүріп, одан ауру жұқтырып, о дүниеге кетті. Бұл бәрімізге сабақ болуы тиіс.

Құрметті ел ағалары!

Еліміздегі күрделі эпидимологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Бас мемлекеттік санитария дәрігері мен Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Қаулы талаптарын және карантин ережелерін сақтаңыздар. 

Көпшілік жерге барып немесе отбасылық жиын өткізіп, біреудің індет жұқтырып өмірден өтуіне себепші болмаңыздар. Өзіңіздің және жанұяңыздың денсаулығын ойлаңыздар. Елдің қариясы, жанашыры ретінде ауылдастарды қаулы талаптарын сақтауға үндеңіздер!-делінген ардагерлердің үндеуінде. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Отбасылық іс-шараны тоқтатыңыздар