Қаржының игерілуі қатаң бақылауда

3.jpg

Бюджет қаржысы қай уақытта күн тәртібіндегі ең басты мәселе болып табылады. Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиевтың төрағалық етуімен өткен аппарат жиналысында аудандық бюджет қаражатының игерілу барысы қаралды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Жалпы бүгінгідей күрделі кезеңде қазынаның қаржысын тиімді жұмсау, толық игеру маңызды міндет.  Аудан бюджетінің тиімді орындалуы мен мақсатты жұмсалуы аудан басшысының жіті бақылауында. Осы орайда отырыста бірқатар дербес бөлім басшылары аудан әкімінің қатаң сынына ұшырады.

«Аудан қаржысын мақсатты игеру - басты назарда. Аталған қаржыларды бөлдіру үшін қаншама уақыт пен күш жұмсалады. Ал сіздер келіп тұрған қаржыны игере алмайсыздар. Айтылған бөлім басшыларының себебін - сылтау деп түсінем», –деді М.Отаршиев өз сөзінде.

Аудан басшысы жауапты тұлғаларға 7 айдың қорытындысымен бюджеттен бөлінген қаржыны өз мерзімінде әрі сапалы игерілуін қатаң түрде тапсырды.

Сонымен қатар, аудан басшысы жиын барысында көтерілген мәселелерді қатаң бақылайтынын айтып, тиісті сала басшыларына баса мән беруді қажет ететін тұстарды атап, нақты тапсырмалар беріп мен міндеттер жүктеді. 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қаржының игерілуі қатаң бақылауда