«Еңбек» арқылы бизнес-идеясын жүзеге асырды

5.jpg

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар артып келеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бәйдібек ауданы Жыланды елді мекенінің тұрғыны Арман Жолтаев қайтарымсыз қаржы алып, тігін цехын ашқан. Ол осы жылдың сәуір айында Бәйдібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына «Ұлттық қолөнерді дамыту» жобасы бойынша өтініш білдірген. Мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес құрылған комиссияның оң қорытындысын алған азамат қайтарымсыз 583 мың грант ұтып алып, өз үйінен шағын тігін цехын ашқан. Бәйдібек ауданының тұрғыны жолдасымен бірге екі тігін машинасын және басқа да қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Көпбалалы отбасы тапсырыспен құрақ, ою көрпе, қоржын, қыз жасауын тігіп, айына орта есеппен 100 мың теңге табыс тауып отыр.

Жалпы, Бәйдібек ауданы бойынша 583 мың теңге алу үшін 50 грант бөлінген. Бірінші кезең бойынша сәуір айында өткен комиссия отырысына 72 азамат өтініш білдіріп, 25-і грантты ұтып алған. Шілде айында өткен екінші кезеңіне 83 азамат өтініш білдіріп, 25-не грант берілген. Жалпы биылғы жылы 152 азамат оқуын аяқтаған. 2020-2021 жылы білімін жетілдіргендердің 50-не грант берілді.