Жастарды қолдау жөнінде кеңес өтті

10.jpg

"Nur Otan" партиясы Сарыағаш аудандық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық кеңестің ІІІ отырысы өтті. 

Қоғамдық кеңестің мақсаты 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" партияның сайлауалды бағдарламасын және "Жастар Отанға!" бағдарламасын тиімді іске асыру болып табылады. 

Кеңесте 2 мәселе қаралды: «Жастар отанға» партиялық жобасы бойынша жастардың тұлғалық дамуы, бос уақыттарын тиімді пайдалануы, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған спорттық және мәдени іс- шаралар, жастардың спорттық нысандарға қол жетімділігі және атқарылғын жұмыстары туралы;  «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламаларының Сарыағаш ауданында орындалу барысы туралы;

Баяндамашылар күн тәртібіндегі мәселелер бойыныша баяндап, кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

Жалпы осы орайда  Сарыағаш жастарының өте белсенді екендігін айта кеткен жөн. Мәселен, жуырда Жібек жолы ауылдық округінде ерікті жастардың қатысуымен елдегі эпидахуалдың күшеюіне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Еріктілер халық көп шоғырланатын орындарда, сауда орталықтарында індеттің алдын алу, карантиндік режимнің сақталуы, маскалық тәртіп талаптарының орындалуын түсіндіріп, COVID-19 инфекциялық пандемиясынан сақтанудың тиімді жолы – вакцина ектіруге шақырып, арнайы таратпа қағаздарын таратты.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жастарды қолдау жөнінде кеңес өтті