Жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

12.jpg

Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында АПБ ЖПҚ кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары және аудандық жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен бірлескен рейд Дарбаза ауылдық округі аумағындағы алеялар мен орталық көшелерде жүргізілді. Рейд барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер анықталып, ата-аналарына ескерту шаралары беріліп, жасөспірімдерге құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет.

Қаржы тапшылығы кезінде мемлекет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз,-деп атап өткен болатын.