Жасыл аймақ ұлғаяды

Screenshot_28.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: шаІс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ел аумағында алдағы 5 жылда орманды алқаптарда 2 миллиард, ал елдімекендерде 15 миллион көшет егуді тапсырғаны белгілі. Осыған орай Шымкентте қаланың экологиялық ахуалын жақсартатын бірқатар жоба қолға алынбақ. Негізгі бағыт көгалдандыру болады. 

Президенттің тапсырмасына сай Шымкент қаласының айналасын жасыл белдеуге айналдыру көзделіп отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов қала әкіміне берген есебінде мәлімдеді.

Жиында қоғамдық баудың көлемін ұлғайту талқыланды. Яғни, биыл ағаш егу жұмыстарына 250 гектар жер бөлінсе, келер жылы бұл жұмыстарды жалғастыру мақсатында қосымша тағы 2250 гектар жер қарастырылған. Осы орайда, 2023 жылы 3 мың гектар жерге көшет отырғызу жоспарланса, ал 2024 жылы 3 200 гектар тағы қосылмақ.

Сондай-ақ, бұл көрсеткішті 2025 жылы тағы 4300 гектарға арттыру межеленіп отыр. Нәтижесінде жасыл аймақтың жалпы көлемін 13 мың гектарға ұлғайту қолға алынап отыр.Осылайша Шымкент жасыл желекке оранған, шымға көмкерілген атына заты сай қалаға айналады.

Есепті жиында жасыл аймақтарды ұлғайту мақсатында егуге ұсынылатын ағаштар тізбесінде шаған, бадам, қарағаш және жиде ағаштары да бар. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жасыл аймақ ұлғаяды