«Жолдау-келешек кепілі»

12.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына биыл үшінші рет дәстүрлі Жолдауын жариялады.

 Осыған орай  Сарыағаш аудандық орталық кітапханада «Жолдау- келешек кепілі» атты ақпараттық сағат өтті. Кітапхана қызметкерлері жолдауды талқылап, өз пікірлерін білдіріп, бірауыздан қолдады. Президент жолдауын басым бөлігі халықтың экономикалық және әлеуметтік мәселелері жайында болды. Осы орайда кітапханашы Елдібаева Гулмира кітапханашылардың еңбегін бағалап, қолдап жатқандығына, сонымен бірге жаңа бағдарлама «Отбасы банкі» ашылуына өз ойын білдіріп, келешекте зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігіне баспана сатып алу жақсы мүмкіндік екенін айтты. Ал кітапхана есепшісі Тойшиев Бағдаулет жолдауда жүктелген міндеттерді атап өтіп, төмен жалақы 60 мыңға көтерілетінін, сондай- ақ кітапханашылар мен мұрағатшылардың жалақысы жыл сайын 2025 жылға дейін 20 пайызға артатынын айтып, кітапхана ұжымының табыстарына береке, еңбектеріне сәттілік тіледі.

Айта кетері, Президент Жолдауында бірқатар бюджет қызметкерлері жалақысының өсетінін мәлім етті.

- Бұлар – мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және басқалар. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. Тұтастай алғанда, тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді,-деді Мемлекет басшысы. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Жолдау-келешек кепілі»