Жұмыс ұсынушылар көп
Ағымдағы жылы жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде Шымкент қаласында жалпы 12 инфрақұрылымдық жоба нақтыланды.
Жоба аясында 12 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, 2 білім беру, 1 спорт, 1 сумен және 8 электрмен қамту нысандары бой көтеруде.
Онда 392 жұмыс орындарын құру көзделсе, оның ішінде 198 орынға азаматтар жұмысқа қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау жоспарлануда. Бүгінде жоба аясында жалпы 230 азамат жұмысқа орналасса, орталық арқылы 154 азамат құрылыс жұмыстарына жолданды. Қазіргі таңда тартылған жұмыс күшімен нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда жоба аясында қаладағы «Солтүстік саяжай», «Қайнарбұлақ», «Жаңаталап» мөлтек аудандарында жарық жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
«Солтүстік саяжай» мөлтек ауданы бойынша құрылыс нысанның мердігері – АҚ «Электромонтаж». Онда 34 жұмыс орындарын құру жоспарланса, бүгінде 6 орынға азаматтар жұмысқа орналасып, оның жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 жұмыссыз азамат құрылыс жұмыстарына жолданды.
«Қайнарбұлақ» мөлтек ауданы бойынша құрылыс нысанның мердігері - «Кокше Строй плюс» ЖШС-і. Онда 24 жұмыс орындарын құру жоспарланса, бүгінде 21 орынға азаматтар жұмысқа орналасып, оның жұмыспен қамту орталығы арқылы 12 жұмыссыз азамат құрылыс жұмыстарына жолданды.
«Жаңаталап» мөлтек ауданы бойынша құрылыс нысанның мердігері -«Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС-і. Онда 32 жұмыс орындарын құру жоспарланса, бүгінде 15 орынға азаматтар жұмысқа орналасып, оның жұмыспен қамту орталығы арқылы 14 жұмыссыз азамат құрылыс жұмыстарына жолданған.