Парасат шыңы - адалдық!
Шымкент қаласындағы ең ірі Әл-Фараби атындағы қалалық-ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлерінің қатысуымен " Парасат шыңы-адалдық!" тақырыбы аясында еркін форматта жиын болып өтті. Мақсат біреу-қазіргі қоғамда адал, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Адамдардың бойына осындай қасиеттерді сіңіру. Оған кітапхананың, кітаптың қосар үлесі ұшан-теңіз. Басқосуда адалдық, парасаттылық жайында жазылған кітаптарға аннотация берілді және сол кітаптарды оқырманға ұсыну үшін кітапхананың мүмкіндіктері айтылды.
Айта кету керек, бұл жоба бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған "Адалдық алаңы", "Парасат жолы" орталығы арқылы еліміздің түкпір-түкпірінде тындырымды тірліктер атқарылып келеді.
Шымкент қаласына қарасты 5 кітапхананың барлығында «Парасат жолы» орталықтары ашылған болатын. Орталықтарда белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізіліп тұрады. Парасаттылық құндылықтары кеңінен насихатталып, жемқорлықтың алдын алудағы жастардың рөлі, болашақ мамандардың қызметіндегі адалдық жайы талқыға түсуде.
Мамандар кітап арқылы бірлесе парасаттылықты дәріптеуде Орталықтар маңызды рөл атқаратындығына сенімді.