Қала қысқа дайын ба?

Screenshot_17.png

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Селекторлық режимде өткен отырысқа Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен барлық басқарма басшылары қатысты.

Аймақтардағы дайындық барысы жөнінде баяндаған ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Шымкенттегі білім беру, денсаулық сақтау нысандарының алдағы жылыту маусымына 100 пайыз дайын екендігін айтты.

Қалада орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1 945 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1 847-сі, яғни 95%-ы жылу маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Ал, әлеуметтік нысандар – білім (256), денсаулық сақтау (109), спорт (33), жұмыспен қамту (14) нысандары толығымен дайын. 

«Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты 12 дана жылу қазандығы, 17 сорғы стансалары 100% жылу маусымына дайын. «К-19», «ПМК-49» қазандықтарына қажетті 1,1 мың тонна көмір тасымалданған.

Шымкенттегі жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 29,5 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда оның 28,4 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл 96% құрап отыр, қазан айына дейін жұмыстар толығымен аяқталады. 

Қала тұрғындары жылу маусымында 77,6 мың тонна көмірді қажет етеді. Қазіргі уақытта қоймада 56 мың тн. көмір бар (72%). Алайда, тұрғындардың қажеттілігіне қарай көмір тасымалданатын болады. Инфрақұрылым жүйелерінің: табиғи газ - 100%, электр – 90%, ауыз су – 85% дайын.  


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қала қысқа дайын ба?