Жасөспірімдерге құқықтық кеңестер берілді

7.jpg

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округі аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, нашақорлықтың алдын алу және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында аталған ауылдық округі аумағындағы орталық көшелерде, Дихан баба ауылында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы хабарлады. 

 Рейд барысында кафе, дүкен егелеріне кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге ішімдік, темекі сатпауы жайлы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер анықталмады.

Мұндай шаралар Сарыағаш ауданында тұрақты өткізіліп келеді. Жуырда ауданы аумағында жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында Сарыағаш аудандық Полиция басқармасы, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен Сарыағаш қаласы, Қапланбек ауылдық округі аумағындағы ойын-сауық орталықтары мен орталық көшелерде "Түнгі қаладағы балалар" атты түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілген болатын.

Рейд барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер анықталып, оларға тиісті түсіндірме жұмыстары, сонымен бірге құқықтық кеңестерберілді.