Ордабасы: Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталды

15.jpg

1 қыркүйек Білім күніне орай Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев Темірландағы Амангелді атындағы жалпы орта мектебіне барып, жаңа оқу жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Сіздерді бүгінгі қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! 

Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі Қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие бесігіне айналған мектеппен тікелей байланысты.

«Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» алтын ұя – мектеп әрбір азамат үшін қадірі биік мекеме. Ал, он бір жыл көз майын тауысып білім беретін мұғалім оқушылардың қанатын қатайтып, білімін шыңдайтын үлкен ұстахана», - деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.

Іс-шара барысында Бағлан Дәнебекұлы бірінші сыныпқа баратын жас жеткіншектерге Әліппе оқулығын табыстап, білім сапарларына сәттілік тіледі. 

Сондай-ақ, аудан басшысы күрделі жөндеуден өткен білім ұясының ғимаратын аралап, жаңадан салынған жабық футбол алаңының жұмысымен танысты. 

Қазіргі таңда облыстық бюджеттен қаржы қаралып күрделі жөндеуден өткен мектепте 1350 оқушы білім нәрімен сусындамақ. 

Естеріңізге салар болсақ, биыл аудан бойынша 65 мектеп онлайн режимде жұмыс істейді. Оның 50-і жалпы орта, 2-і негізгі орта, 13-і бастауыш мектеп. 2020-2021 жылы жалпы аудан бойынша 36 105 оқушы оқу жылын аяқтаса, күзгі оқу маусымы 37 276 оқушымен басталуда.