Түркістан екпе салу бойынша-бірінші

29.jpg

Түркістан облысында вакциналауға жататын облыс тұрғындарының 85,8 % екпе алды. Еліміздегі егу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Екпенің бірінші құрамын 814 мыңға жуық адам қабылдады. Екінші компонентін 633 мыңға жуық адам салдырған. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Республикада күнделікті тіркелетін науқастар саны бойынша ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысынына тиесілі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды.

Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады. Облыс аумағында 141 екпе қабылдау пункттері жұмыс істейді.

Түркістан облысы «жасыл аймақта» тұр. Медициналық мекемелердегі инфекциялық төсек-орындар саны қысқартыла бастайды. Өңірде 13 қыркүйекте COVID-19 індетінің 37 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0.27 % құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 2 мыңнан астам орын бар. Мұнда 668 адам ем қабылдап жатыр.

Жалпы пандемия белең алғалы КВИ-дің 13 546 жағдайы анықталды. Оның 7 мыңнан астам жағдайында ауру симптомсыз өткен. Сондай-ақ, бүгінге дейін 1 002 142 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1500 адам тексерілді.

Айта кетейік, жуырда халыққа арнаған Жолдауында Президлент қасым-Жомарт Тоқаев:

- Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде. Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда.

Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс. Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн. Адамзат көптеген індетті бастан өткерген,-деп атап өткен болатын. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Түркістан екпе салу бойынша-бірінші