Түркістан облысының спортшылары Азияның үздігі атанды

17-31 тамыз күндері аралығында Біріккен Араб әмірлігіның Дубай қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында 18 мемлекеттің қатысуымен Азия чемпинонаты өтті. Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен жасөспірімдер арасында бір спортшы – Сабырхан Төрехан 52 келі салмақта алтын медаль иеленді.

image.png

Жастар арасында 2 спортшы, қыздар арасында 1 спортшы қатысып, Абдікарим Абдіғалым 57 келіде сынға түсіп, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, рингте өзінің мықтылығын көрсеткен +92 келіде ел намысын қорғаған Сапарбай Даниял күміс жүлдегер атанды. Жекпе-жекте 70 келі салмақта жұдырықтасқан талантты боксшы кызымыз Гаухар Шайбекова да күміс жүлдені иеленді.

Түркістан облыстық № 5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен жалпы 4 спортшы қатысып, 2 спортшы алтын, 2 спортшы күміс иеленді.

Осылайша Дубайда бокстан өткен кезекті Азия чемпионатында Қазақстанның жастар құрамасы ғаламат жетістікке жетті. Рингте өздерінің мықтылықтарын дəлелдеп, қарсылас шыдатпаған жастарымыз Азияда үздік атанды.

Қазақстан жастар құрамасы бокстан Азия чемпионатында 8 алтын, 2 күміс, 2 қола еншілеп, бас жүлдені иеленді. Бұл додада бокстан сары құрлық елдерінің адуынды жастары бас қосып, тəжірибелерін арттырды. Екінші орынды 3 алтын, 3 күміс, 1 қоламен Өзбекстан жастары иеленді.

Азия чемпионатының жекпе-жегінде бұрымды боксшыларымыз Аида Сарибарова мен Ұлжан Сарсенбек алтын медаль иеленіп, жеңістің шыңын бағындырды.

Сары құрлық елдерінің ең талантты жас боксшылары бас қосқан чемпионатта жұдырықтасқан Төрехан Сабырхан мен Бахтияр Анарбаев жеңімпаз атанды.