Түркістан облысында 170 мың адам цифрлық жүйемен халық санағына қатысты
Бүгінгі жағдай бойынша Түркістан облысында 2021 жылғы Ұлттық халық санағына sanaq.gov.kz мамындырылған сайтына кіріп, онлайн режиміне қатысып, ондағы тиісті сұрақтарға 167 мың 948 респондент жауап берді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізде 1 қырқүйекте басталған халық санағына қатысқандардың көшін Түркістан огблысында 14 күннің қорытындысы бойынша Сайрам ауданы бастап тұр. Өңірде онлайн санақтан өткен тұрғындардың 27 мыңға жуығы осы ауданда тіркелген. Екінші орында белсендігі жоғары 21 мың адамымен Қазығұрт ауданы келеді. Үздік үштікті әзірге Түлкібас ауданы мен Ордабасы ауданы қорытындылап тұр. Аталған екі ауданның әрбірінде 14 мың адамнан халық санағына онлайн қатысқан.
Қазақстан Республикасында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 қазанына дейін аралықта Қазақстан Республикасы халқының кезекті ұлттық санағы өткізіліп жатыр. Биылғы бұл санақтың бұған дейінгі өзгелерінен ерекшелігі бар. Яғни «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында осы жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығында күндерді қамтитын кезеңде интернет желісі арқылы халық санағы sanaq.gov.kz мамындырылған сайтында да тәулігіне 24 сағат бойы онлайн режимде жүргізіліп жатыр.
Онлайн санақтан өтпегендер 1 қазан мен 30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап беру арқылы халық санағына қатыса алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына кез келген уақытта хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін жүргізіледі. Жалпы алғанда Түркістан облысында халық санағына онлайн қатысқан 170 мың тұрғын «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының игілігін пайдаланған.
Бөлісу тақырыбы: Түркістан облысында 170 мың адам цифрлық жүйемен халық санағына қатысты