Сарыағашта балабақшамен қамту-98 пайыз

20.jpg

Сарыағаш ауданында  барлығы 80 мектеп бар. Оның 66–ы типтік, 14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 2021 жылы 67,0 балды құраса, 2020 жылмен салыстырғанда 8,4 балға төмендеген. Бұл туралы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев аудандық мәслихат депутаттары алдында берген есебінде атап өтті. 

2020 жылы 5 мектептің құрылысы басталған, бұл құрылыс нысандарының ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 

2021 жылдың 8 айында 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Ауданда 219 мектепке дейінгі мекемелер бар. Оның ішінде  мемлекеттік балабақша – 16 және жекеменшік балабақша – 203. Мектепке дейінгі мекемелерде 25574 бала тәрбиеленіп, 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы 98,7 пайызды құрап отыр.

Қашықтықтан оқыту бойынша 2020-2021 оқу жылының ІV- тоқсанда: 5 мектеп (865 оқушы) қалыпты режимде, 71 мектепте аралас форматта (1 сыныпта - 25 оқушы, 35211 оқушы), 71 мектепте 19406 оқушы қашықтықтан білім алды.

«Бір отбасыға – бір компьютерлік техника» принципіндегі алгоритм бойынша республикалық бюджеттен 477 компьютер, 3488 ноутбук, 873 планшетпен әлеуметтік осал топтағы 4838 оқушы қамтылып, қашықтықтан білім алу мүмкіндігіне ие болды. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сарыағашта балабақшамен қамту-98 пайыз