Сенаторлар Шымкентке келді

Screenshot_51.png

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Түркістан облысына жасаған арнайы іс-сапары Шымкентте жалғасты. Ең алдымен Шымкенттегі көлік логистикалық орталыққа ат басын бұрды.

Шымкенттегі логитсикалық орталық бүгінде еліміздің оңтүстігіндегі ең үлкен логистикалық хабқа айналып үлгерді. Мұнда авто баммен қатар әуе және темір жол тасымалы да жолға қойылған. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күре жолының бойында орналасқан. Тасымал үшін тиімді. Қоймасы сақтайға қолайлы. Аймағынан арнайы Агро индустриалды аймақ та құрылып жатыр. Бұл шаруалардың өндірген өнімін сақтап, экспорттауына жол ашпақ. Сенаторлар сапарының тағы бір бағыты халқты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл Мемлекет басшысының Халыққа арнаған жолдауында да айтылды. Өйткені, ел тұрғындарының 43 пайызын ауыл халқы құрайды. Осы орайда тиімді Заң жобасын жасау халық қалаулыларының назарында болмақ. Былтыр 15 миллион шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілсе, биыл оның саны екі миллионға артпақ. Жасыратыны жоқ, бұл күнде құрылыс материалдарының құны өскен.

Сенаторлар шымкенттегі сапары барысында Тассай индустриалды аймағындағы инвеститциялық жобалармен де танысты. Қазіргі таңда аймақта жиһаз өнімдерінен бастап медицицналық жабдықтар және ең алып трансформаторға дейін сонда құрастырылады.Халық қалаулылары орталықтағы ең үлкен трансформатор шығаратын зауытқа да барды. Кәсіпорын өндірген Отандық өнімге елімізбен қатар көрші Өзбекстан Орталық Азия елдерінен де сұраныс жоғары. Зауыт трансформатордың қосалқы бөлшектерін де өздері шығарады. Болашақта тағы бірнеше шетелдік нарықты игеруді жоспарлап отыр екен.   


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сенаторлар Шымкентке келді