Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабы сапалы электр жарығымен қамтылады

Screenshot_57.png

Абай ауданында 34 елдімекен болса, ондағы тұрғындардың барлығы электр жарығымен қамтылған. Оның ішінде 8 елді мекен сапалы электр энергиясын жеткізуді қажет етеді. Аталған елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында осы жылы бюджет есебінен 3,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2, Батыс, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар елді мекендерінде электр желілері мен бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2021 жылдың соңына дейін және 2022 жылға өтпелі.

Солардың бірі - Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабы. Бүгінде аталған елдімекен тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында осы жылдың шілде айында құрылыс жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда құрылысқа жауапты «Алтын Констракшн» ЖШС тарапынан атқарылған құрылыс жұмыстарының 55 пайызы аяқталды.

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары атқарылады. Нәтижесінде тұрғын алаптағы 812 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.