«Dala kilemderi» көрме жәрмеңкесі өтуде

Screenshot_59.png

Шымкент қаласында «Dala kilemderi» көрме жәрмеңкесі 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл да «Bal Tekstil» компаниясының ұйымдастыруымен 16 - 25 қазан аралығында «Көрме» орталығында өтуде.

Жәрмеңке отандық кілем сапасы шетелдік өнімдерден кем түспейтіндігін дәлелдеп, халық арасында танымалдығын арттыруды мақсат еткен. Отандық өнімдермен қатар, Бельгия, Түркия, Иран, Ресей, Өзбекстан және Молдова елдерінің өнімдері де ұсынылуда. 

«Bal Tekstil»  халықаралық деңгейдегі отандық тұңғыш кілем тоқыма фабрикасы. Өндіріс орны 2011 жылы индустрияландыру картасы аясында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта құрылып, 2013 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда алғаш рет кілем шығаруды қолға алды. «Бал Текстиль» жылына 5 млн шаршы метр кілем және кілем өнімдерін, сондай-ақ, 4 000 тонна полипропиленді жіп өнімдерін жасап шығарады.300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 

Компания 2000-ға жуық кілем дизайнын жасап, халықаралық сапа конкурстарынан жүлделі орындар иеленді. Фабрика өнімдері Қазақстанның бүкіл облыстарының қала, аудан орталықтарында халыққа  қолжетімді бағамен  сатылуда. Кілемдер инновациялық қондырғыларда, дәлірек айтқанда «Michel Van De Wiele» (Бельгия) тоқыма құрылғысында тоқылады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Dala kilemderi» көрме жәрмеңкесі өтуде