Көшелер жөнделіп жатыр

Screenshot_61.png

Үшінші мегаполистегі К.Цеткин көшесі - көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі болып табылады. Бұл көшеде қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 2,3 шақырым болатын жолда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Жобаның сметалық құжаттарында жалпы аумаққа асфальтобетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тасты мастикалық қоспамен жоғары қабатына төсеу қаралған. Сонымен қатар көше бойында ені 2 метрлік жаяу жүргінші жолы жасалатын болады.

К.Цеткин көшесінің құрылыс жұмыстары «Көркем Сәулет» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Qazaqstan Expert» ЖШС-гі. Көше құрылысы қараша айында ақталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ Құрсай елдімекенінде бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Мердігер мекеме «Гео-Нұр Құрылыс» ЖШС тарапынан Бекболатов, Ақөзек, Мамешов көшелері арқылы шығатын 11 көшеде жол-құрылыс жұмыстары атқарылуда. Ұзындығы 1836,6 метр 11 көшеде асфальттың бірінші қабаты төселген. Жол жұмыстарының жалпы ауданы 10,033 шаршы шақырымды құрайды.  Құрылыс жұмыстарын қазан және қараша айларында жүргізіп, тұрғындар игілігіне беру жоспарланып отыр. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Көшелер жөнделіп жатыр