Солтүстікке көшкіңіз келсе...

Screenshot_64.png

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласынан келген өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек күші артық өңірден Солтүстікке ерікті қоныс аудару тиімділігі талқыланды. 

Аталған бағдарламаның мақсаты – оңтүстіктен қоныс аударушыларды жұмыспен қамту. Өңір өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда солтүстік өңірде білікті дәрігерлер мен мұғалімдер, техникалық мамандық иелері сұранысқа ие.

- Жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару – мемлекет жүргізіп отырған ең ұтымды бағдарламалар(дың бірі. 2016-2019 жылдары аралығында Солтүстік өңірге жалпы 854 отбасы (2645 адам) көшкен. Ал, биылғы жылдың басынан бері  жылы 52 отбасы (227 адам) бағдарлама аясында қоныс аударып, қазіргі уақытта өз шаруашылығымен айналысып, жұмыспен де қамтылып отыр.Одан бөлек, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» Серпін жобасына қызығушылық танытқан қала тұрғындарына

қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың  қоныс аударуына септігін тигізіп келеді,-дейді басқарма басшысы Б.Нарбекова

Жалпы, биылғы жылдың басынан бері Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының делегация мүшелерінің қатысуымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы», «Шаңырақ», халықты жұмыспен қамту  орталықтарында, тұрғындар  арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жалпы 8 отбасы (24 адам) Павлодар (3 отбасы), Қостанай (1 отбасы), Шығыс Қазақстан (1 отбасы), Солтүстік Қазақстан облысы (3 отбасы) қоныс аударды. Ал, 2022 жылға жалпы 5 өңірге 130 отбасын Солтүстік өңірге көшіру жоспарлануда.

Айта кетсек, биыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне берілетін субсидия мөлшері - 70 АЕК. Яғни, 204 мың теңге қаражат көшіп жайғасу үшін көмек ретінде беріледі. Мысалы, 4 баласы бар отбасы қоныс аударса – 1 млн 224 мың теңге бірден беріледі. Оған қоса, бір жыл бойы үй жалдауға ақшалай көмек ретінде 1 адамға 43 755 теңге(15 АЕК) төленеді. Ал, 2 және 4 адамнан тұратын отбасыға 52 506 теңге (18 АЕК) ақшалай көмек көрсетіледі.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Солтүстікке көшкіңіз келсе...