Имам жастармен кездесті

17.jpg

Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округіндегі №58 Ә. Марғұлан атындағы жалпы орта мектебінде Жібек жолы ауылының имамы Е. Төребековтың қатысуымен кездесу болып өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығы хабарлады. 

Кездесу мақсаты — жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жасөспірімдерге діни ағымдар бойынша түсінік беру.

Кездесуге қатысқан жастарға діни тұрғыда мол түсінік беріліп, теріс діни ағымды ұстанушылардан аулақ болулары жайлы түсіндірілді. Кездесу барысында арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.

Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Имам жастармен кездесті