Тиімді меморандум түзілді

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы директоры Валерий Бенберинмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқарма баспасөз қызметі хабарлайды.

Screenshot_7.png

Меморандум барысында тараптар өзара түсіністік пен өзара тиімділік негізінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті. 

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында екі жақты ақпарат алмасу, медицина мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарлануда. 

Меморандум денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау саласында бірлескен ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар ұйымдастыру сондай-ақ, денсаулық сақтау мәселелері бойынша бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жоспарлануда. Тараптар медициналық ғылым саласындағы ақпараттармен алмасып, тәжірибемен, жаңа технологиялармен бөлісетін болады.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Тиімді меморандум түзілді