Төлебиліктерге онкологтар тегін кеңес берді

Screenshot_19.png

Төлеби аудандық ауруханасының емхана бөлімшесінде «Тік және тоқ ішектің қатерлі ісігімен күрес» апталығына орай «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл іс-шараға онкологиялық орталықтан арнайы келген онкопроктолог дәрігер Болат Баймуминов науқастардың шағымы бойынша қарап, медициналық тегін кеңес берді. Тексеру барысында жалпы 32 науқасты қарап, соның ішінде 3 науқас онкологиялық  ауруға күдікті ретінде Түркістан облыстық онкологиялық орталыққа жолданды. 5 науқастан ісік алды аурулар анықталып, қалғандарына амбулаторлы ем тағайындалып, аймақтық дәрігерлердің бақылауында болу ұсынылды. 

Сондай-ақ жергілікті хирург, онколог және гинеколог дәрігерлер 90-нан аса науқасты қабылдап, ауру көрсеткіштеріне қарай ультрадыбыстық зерттеу жүргізіп, науқастарға тиісті ем-шара тағайындады. Айта кетейік, Төлеби аудандық ауруханасында қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында жоспарға сәйкес скринингтік тексерулер жүргізілуде.