Түркістанда тізе буынын эндопротездеу оталары жасалады

Screenshot_1.png

Тізе буынын қайта қарау (ревизиялау)  алдыңғы қойылған импланттың бір бөлігін немесе барлығын жаңа эндопротезбен алмастыруды қамтиды. Көптеген жағдайларда тізе эндопротездеу операциясы ревизиялық араласуды қажет етпейді, алайда кейбір жағдайларда қайта хирургиялық араласуды қажет етуі мүмкін.  

Тізе буынын қайта ревизиялау көрсеткіштері: 

* Тізе буынының перипротездік сынуы; 

* Буындардағы созылмалы үдемелі ауырсыну синдромы;

 * Полиэтилен төсемінің (вкладышы)  тозуы;

 * Эндопротез компоненттерінің тұрақсыздығы; 

* Перипротездік инфекция; 

* Консервативті емдеуге жатпайтын тізе буынының қаттылығы мен құрысуы.  

Тізені ауыстыру үшін ревизиялық операциясы бір немесе барлық компоненттерді ауыстыруды қамтуы мүмкін.  Кез-келген операция сияқты, асқынулар пайда болуы мүмкін: тізе құрысуы, инфекция, аяқ веналарының тромбозы, байламның жарақаттары. Тізе буынының эндопротезі салыстырмалы түрде тізе артрозының соңғы сатыларын емдеудің заманауи әдістерінің бірі болып табылады. Алайда, кез-келген хирургиялық емдеу сияқты, асқынулардың белгілі бір қаупі бар, осыған байланысты жоғарыда аталған араласулар жасалады.

 МӘМС аясында Түркістан облысы  Облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде осы оталар жасалады. Тізе буынын жаппай эндопротездеу бойынша операциялардың жалпы санының ұлғаюына байланысты, тізе буынының эндопротезін ревизиялау операциялары саны жыл сайын артуда. Осыған байланысты, біз емделушілерге емдеуші дәрігерлерінің нұсқамаларын сақтауға және ортопедиялық режимін бұзбауға  қатаң нақтылықпен кеңес береміз.