Тау бөктеріндегі демалысты іздесеңіз...

image.png

Төле би ауданында туристерді қызықтыратын басты нәрсе ол – әсем табиғаты. Сондықтан өңірде сұлу табиғаттыәркімнің-ақ тамашалауына жол ашып отырған кәсіпкерлер, яғни демалыс орындарының көбейіп келе жатқанын қуантады. Әсіресе  аңызға толы Біркөлік шатқалында санасаңыз саусағыңыз жетпейтін туристік нысандар көп. Солардың бірі  Шаһин демалыс аймағы. 

Тау бөктерінде орналасқан аймақта заманауи үлгіде салынған, хан сарайынан кем түспейтін эксклюзивті, үлкен коттедж бар. Коттедждің ішінде жаныңа кееректінің бәрі табылады.  Ал демалыс аймағының ауласында бассейн, сауна, үлкен тапшандар орнатылған.  Мұнда мерекелік жиын, тойларды өткізуге арналған зал жасақталған. Ал кәсіби мамандар мерекенізді жоғары деңгейде өткізуге ат салысады. 

Табиғат аясында ас дайындау бір ғанибет емес пе? Бұл үшін қажетті құрал, ыдыстардың барлығы да бар.

image.png