«Тау Самалы» - жанның рахаты!
Төле би ауданындағы танымал туристік нысандардың бірі – «Тау Самалы» демалыс аймағы. Төлеби ауданының тау жоталары мен қыраттарының салқын самалы қаланың қапырық ауасынан қашқандарға пана болады. Кешен Шымкент қаласынан бар-жоғы 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда келушілер көктем және жаз айларында әсем табиғатты атпен серуендеп тамашалай алады.
Демалыс орнында салқын бассейнде жүзіп, керемет табиғаттың келбетіне қарап отырып дәмі тіл үйіретін тағамдары ұсынатын ресторанда тамақтануға мүмкіндік бар. «Тау Самалы» кешенінде жазғы тапшандар, қонақ үй, коттедж орналасқан. Орыс моншасын ұнататындар болса дәл осы мекенге келуге болады.
Демалыс орнында тек қана табиғатты тамашалап, шомылып қана қоймай кешкі уақытта танымал жұлдыздардың қатысуымен жанды дауыста түрлі коцерттік бағдарламаларға, би кештеріне қатысуға болады.
Ұмытылмас демалысты қалсаңыз «Тау Самалы» сізді күтеді! Демалыс орны туралы толығырақ ақпаратты www.tausamaly.kz сайтынан білуге болады.