Үй жағдайында қалай тез арықтауға болады?

Тренажер залына баруға, үнемі спортпен айналысуға, диетаға отыруға бәрінің жағдайы және уақыты бола бермейді. Үй жағдайында да арықтауға болады. 

Depositphotos_80139016_xl-2015_1.jpg

1. Режим және дұрыс тамақтану 

Ең бастысы дұрыс режим қою. Әр нәрсені өз уақытында істеңіз, тамақты да белгілеген уақытыңызда ғана ішіңіз. Күніне 15 минутты жаттығу жасауға бөліңіз. Қарапайым жаттығуларды әдетке айналдырыңыз. 

2. Алкогольден бас тарту 

Арықтау үшін алкогольден бас тарту керек. Сыра, шарап сияқты жеңіл ішімдіктерде калория көп болады. Ішкен кезде адамның тәбеті де арта бастайды. Тіскебасарлар да артық салмақ қосады. 

3. Шеңбер (обруч) және скакалка 

Күніне 10 минуттан шеңбер айналдырсаңыз нәтижесін бір аптада көре бастайсыз. Теледидар қарап тұрып та айналдыруға болады. 30 рет скакалкамен секіру де пайдалы. 

4. Ыдыс өзгерту 

Тамақ ішіп жүрген ыдысыңызды өзгертіңіз. Бұрынғыдан кішірек ыдыспен тамақ ішіңіз, сәйкесінше бұрынғыдан аз тамақ іше бастайсыз. 

5. Күнделік 

Арнайы күнделік бастаңыз. Нәтижелеріңізді есептеп жазып жүріңіз. Күнде қай жаттығуларды орындағаныңызды немесе орындамағаныңызды жазыңыз. 

6. Кремдер 

Түрлі арықтатқыш скраб және кремдер бар. Соларды таңертең және ұйқы алдында қажет жерлеріңізге жағыңыз. 

7. Үй жұмыстарын қолдану 

Үйдегі күнделікті жұмыстарды жаттығу қылып қолдануға болады. Үйден шығарда баспалдақпен түсіңіз, егер сөмкеңіз ауыр болмаса үйге келерде жоғарыға да баспалдақпен көтеріңіліңіз. Киім үтіктеу кезінде де қалың киім киіп, терлеп алған жақсы. 

8. Кей тамақтардан бас тарту 

Арықтау үшін кей тамақтардан бас тарту керек. Нан, ұн тағамдары, картоп, макарондарды ұмытыңыз. Көкөніс, жеміс, сүт, жаңа ет идеал азықтар. Майонез, сыр, шұжық, майлардан қашыңыз. 

9. Жатып жемеу 

Тамақты тек қана үстелде отырып жеңіз. Диванда жатып, теледидар қарап ештеңе жемеңіз. Еш нәрсеге алаңдамау керек тамақ ішкен кезде. Кітап, планшет, телефондарыңызды ұстамаңыз. 5-10 минут алаңсыз тамақтанған жөн. 

10. Ванна 

Таңертең душқа түсіңіз. Жатар алдында ванна қабылдаңыз, су массажын жасаңыз