Гемоглобин неге көтеріледі?

1543061007_hemoglobin_genetics_rbc_sized.jpg

Гемоглобин – ағзаның барлық тіндерін оттегімен қамтамасыз ететін маңызды құрам. Адам спортпен тұрақты шұғылданып, физикалық күш түскен кезде гемоглобин көтеріліп кетеді екен. Адамның тұрғылықты жеріне байланысты ластанған ауадан да гемоглобиннің деңгейі көтерілуі мүмкін. Сол сияқты темекіні көп шегетін адамдарда да көтеріңкі болады. Гемоглобиннің жоғары болуы онкологиялық және қан ауруларының, сонымен қатар жүрек, өкпе жетімсіздігінің, туа біткен жүрек кемістігі сияқты тағы да басқа аурулардың белгісі болып табылады. Ақуыз деңгейінің көп болуы эритроцитоз бен қанның қоюлануында байқалады. Көптеген дәрумендердің құрамында фолий қышқылы, қанның құрамындағы темірді көтеретін В тобындағы дәрумендер болатындықтан, гемоглобин көтерілгенде дәрігердің кеңесінсіз ешқандай дәрумендер ішуге болмайды.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Гемоглобин неге көтеріледі?