Жастарды деструктивті ағымдардан сақтандырды
Түркістан облысы дін істері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында танымал дінтанушы Смайыл Сейітбеков пен айтыскер ақын Қажымұқан Абзалов Ордабасы ауданы, №18 кәсіптік колледжінің студенттерін деструктивті діни ағымдардан сақтандырды.
Кездесу барысында имандылық пен ұлттық құндылықтар насихатталып, белгілі ұстаз көпшілікті теріс діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтандырды.