Жолаушылар вокзалға Ashyq арқылы кіреді
Елімізде коронавирус індеті өршіп тұрғанда азаматтардың денсаулығы басты назарда. Оларды қауіп-қатерге ұрындырмай, барынша денсаулыңына қамқорлық жасаған абзал. Осы орайда елімізде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде Ashyq жобасы жұқпалы аурудың кең таралмауына барынша үлес қосуда.
Бұл жобадан Шымкент қаласы да тыс қалмады. 1 шілдеден бастап Ashyq жобасы Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан және Шу вокзалдарында енгізілді.
Енді станцияға кіре берісте жолаушы Ashyq қосымшасы арқылы өзінің «жасыл» немесе «көк» мәртебесін растауы керек. Мұны смартфонда Kaspi.kz, Homebank, Aitu арқылы немесе вокзал қызметкеріне өзінің ЖСН көрсетуі қажет. Шетелдіктер станциядағы мәртебесін төлқұжат нөмірі бойынша тексере алады. 18 жасқа дейінгі балаларға тексеруден өтудің қажеті жоқ.
Вокзалға «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар жіберілмейді. Өз мәртебеңізді алдын ала www.ashyq.kz сайтындағы бейтарап QR коды арқылы тексеруге де болады.
Бұған дейін маусым айында жоба Нұр-Сұлтан, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды және Өскемен қалаларындағы вокзалдарда іске қосылған болатын.