Шымкентке саяхаттай келсеңіз...
Туристер әдетте сапарлап барған қаланың ең көрікті, танымал жердерінже суретке түскенді ұнатады. Бұл әрине ертеңге тарих болып қалады. Шымқалада да қонақтарды қызықтыратын әрі бүгінгі заманға лайықты фотосурет жасауға лайықты орындар көп. Visit-shymkent туристік ақпараттық орталығының мамандары Шымкенттегі фотосуреттерге арналған ең керемет орындардың тізімін жасапты.
Олардың қатарында «Altyn Eye» айналма дөңгелегі бар. Орналасқан жері: Наурыз алаңы. Инста серуеніңізді қаланың айналма дөңгелегін көруден бастаңыз жөн. «Altyn Eye» суретте өте әдемі шығады, әсіресе түнде дейді мамандар. Фотоға түсуді ұнататын жандар Қошқар ата өзенінің жағалауына баруға болады. Орналасқан жері: Әл-Фараби аймағы. Қаланың көркі мен табиғат үйлесім тапқан бұл мекен туристердің есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Келесі нысан ғашықтар көпірі. Орналасқан жері: Дендросаябақ. Романтикалық фотосуреттерді қалайтындар болса бұл көпір таптырмас орын болмақ. Орналасқан жері: Дендросаябақ. «Qyzgaldaq» инсталляциясы қаланың символикалық нысандарының бірі. Бұл маңда суретке түскен туристің Шымқалада болғаның айғағы. Дендросаябақтағы ескі балалар теміржол жолының рельстері шаһардың тарихынан сыр шертеді. Мұнда суреттеріңіз ертегідегідей шығатыны сөзсіз. «Қыз-Жібек» және «Қызғалдақ» муралдары да фотосуретке көрік береді. Сондай-ақ мамандар туристерге Тәуке хан даңғылы мен Б.Момышұлы даңғылының бұрышында орналасқан «Қызғалдақ» субұрқағына баруға кеңес береді. «Бәйшешек» субұрқағы да қала қонақтарының көңілінен шығады.
Металлургтер саябағындағы ескі ғимараттың қабырғасы тарихи орындарда суретке түскенді ұнататындар үшін қолайлы жер. Ал экзотиканы қалайтындар болса Хайуанаттар бағындағы «Африка» аймағына жол тарту керек. Бәйдібек би Ескерткішке апаратын баспалдақтар фотоға түсіруге тұрарлық! Ал Арбатқа кіре берісте сіз «Love Шымкент» инсталляциясын таба аласыз. Мұндай сурет шуақты Шымкент қаласына саяхат жасағаннан кейін сіздің таспаңызда болуы міндет!