Шымкент - естеліктер мекені

Screenshot_16.png

Шымкент республикалық маңызы бар қала, мемлекетіміздегі үшінші мегаполис ретінде халықаралық деңгейдегі қонақтарды қарсы алуға әрдайым дайын болуы тиіс.

Бұл орайда қала халқының және атаулы орындарды  әлемдік державалардың дипломаттарына таныстырудың тәжірибесі қалыптасқан. Қаланың туристік әлеуеті - тек қонақжайлық және дайындық қана емес, бұл әрбір қонақпен жеке дара қалыптасқан байланыс және естеліктер жасау қабілеті.

Осы орайда әр жылдарағы АҚШ бас консулдарының Шымкентке жасаған сапары барысында орын алған жағдаяттарды еске түсіріп көрелік. Қазақстандағы АҚШ-тың бас консулы қызметін атқарған Марк Муди 2015 жылы Шымкент қаласына жасаған сапары барысында ұлттық тағамдарымыздың бірі палау пісірген. Ас мәзірі кезінде Марк мырзаның тағы бір қыры - шыдамдылық танытады. Оның сол кезде ащы қызыл бұрыштан еш шіміркенбей үлкен бөлігін тістеп, жұта салғаны біраз адамды таңқалдырып, қалалықтардың есінде қалды. 

Ал кезінде осы қызметті атқарған Эрик Майер Шымқалаға жасаған іс сапарлары кезінде байсалдылығымен және салқынқандылығымен танылды. Ресми кездесулерден тыс көбінесе ағартушылық сипаттағы жиындар оның қызығушылық аясы ретінде байқалды.

  Каролина Сэвидж қалаға жасаған сапарында Шымкенттің тәтті бауырсағы мен балдай қымызынан ерекше ықыласпен дәм татып қана қоймай, қазақ тілінде түсінікті сөйлейтіндігімен жаңа серіктестерін тәнті етті. 

Ия бұл оқиғалараға қарап Шымкентке келген қонақтардың жадында қала ерекше, қызықты жағдайлармен есте қалатынын аңғартады. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Шымкент - естеліктер мекені