Жеңілдетілген несиемен кәсібін дөңгелетіп отыр

Screenshot_3.png

«Бастау Бизнес» жобасының түлегі «Shymkent-Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, жүк тиегіш көлік алды.  Мамандардың дерегінше Шымкент қаласында аталмыш жобаға қатысушыларға ағымдағы жылы 105 миллиард теңге көлемінде шағын несие бөлінген. 

Шымкенттік жеке кәсіпкер Айдос Кілтебеков  бұған дейін "Бастау Бизнес" жобасы аясында бизнес тренелерден сабақ алған. Сертификаты қолға тиген соң шағын несие беретін ұйымның мамандарына жүгінген. Оның жобасы мақұлданып, кәсіпкер 6 пайыздық мөлшерлемемен 5 жылға 15 миллион теңге несие беріледі. 

Жүк тиегіш көліктің арқасында қазір оның компаниясы ауыр жүктерді тасымалдай алады. Әсіресе құрылыс жұмыстары кезінде қолқа салатындар көп дейді. "Жүк тиегіш көлігі қазіргі таңда құрылыс кезінде таптырмайтын көлік. Сондықтан бұл бизнес үнемі табыс әкеледі. Біздің бұл жобаны мақұлдауымыздың басты себебі де осы",- дейді «Shymkent-Atameken» менеджері Нұржан Нақыпбеков. 

Айта кетейік, 6 пайыздық жеңілдетілген несиеге "Бастау Бизнес" жобасына қатысып, сертификат алған және жобасын қорғап шықққан жандар ие бола алады. несиені 5 жылға дейін рәсімдеуге мүмкіндік бар. Ал мал шаруашылығы үшін 7 жыл. Макисмалды сумма 8 мың АЕК.  

Тек микроқаржы ұйымы несиені тұтынушылық мақсатқа, бұрын алған несиені өтеу, несие берешегін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға бермейді.