Мектеп оқушыларымен шығармашылық кездесу өтті
Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары өтуде. Бұл 17 қараша мен 17 желтоқсан аралығын қамтиды. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан журналистермен өткен баспасөз мәслихатында хабарлаған болатын.
Осы орайда Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Жорабеков Серікбай Құлышұлымен шығармашылық кездесу өтті.
Шығармашылық кездесудің мақсаты - жас буынның өз бойларындағы жасырынып жатқан шығармашылық қабілеттерін ашу және шыңдау.
Суретші Серікбай Құлышұлы оқушыларға өзінің сурет салу әдістерімен бөлісіп, суретшіге тән қасиеттерді, қарапайым қарындашты ұстаудың өзіндік әдісін және де су бояудың өзінен мағыналы сурет шығарудың қыр-сырын түсіндірді.Сонымен қатар, өзінің басынан өткен қызықты хикаяларымен бөлісіп, жастарға мотивациялық күш болар ақыл-кеңестерін жеткізді.
Оқушылар суретшінің өзімен бірге алып келген өнер туындыларын тамашалап, өз әсерлерімен бөлісті. Кездесу жоғары рухани дәрәжеде өтті. Оқушылар суретшімен өткен кездесуде өте жағымды әсер алғандарын айтып, болашақта кім болатындарына көз жүгіртті.