Шымкенттік «HILL Corporation» зауыты жанар-жағармай шығарады

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласы кәсіпкерлікті жандандыру мақсатында тек өз еліміздегі емес, шетелдіктермен де әрқашан байланыс орнатуға әзір. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Шымкент қалалық филиалының директоры Нұрлан Қабыштаев Литваның Алматыдағы Бас консулы Керушаускас Гвидаспен, сондай-ақ  HILL Group өкілі Валдас Бурнейка мырзамен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Литва Республикасы Қазақстанның 10 ірі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Қазақстан Литваның 15 ірі сауда әріптестерінің тізіміне енді.

Бас консулдың айтуынша, Литва Қазақстан Республикасына автокөліктерді, механикалық жабдықтарды, химия және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін, соның ішінде сүт өнімдерін жеткізеді. Жиһаз, парфюмериялық өнімдер де импортталады. Өз кезегінде Қазақстан Литваға минералды отын, май, мұнай-химия, балық және азық-түлік өнімдерін экспорттайды.

Валдас Бурнейка мырза атап өткендей, бүгін ол жанар-жағармай және май шығаратын Шымкенттегі «HILL Corporation» зауытында болды. Биыл Еуроодақ елдеріне өнім өткізу үшін Литвада осындай зауыт ашылды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Литва арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас алғаш рет 1992 жылы 15 маусымда орнатылған.