Шымкентте туристік сервис жақсарып келеді

 Screenshot_6.jpg

Шымкент – Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол, ғалымдардың айтуынша, кем дегенде 2200 жаста. Мұны қаланың тарихи орны- «Ескі қалашықтағы» қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер растайды. Мамандар бірегей тарихи олжалар жергілікті туризмнің дамуына тың серпін беретініне сенімді. Бұған қалада жүзеге асырылып жатқан басқа да ірі жобалар да септігін тигізбек. 

Тарихшылар мен сәулетшілер көне қонысты ұсақ-түйекке дейін қалпына келтірмек. Болашақта бұл жер туристерді қызықтыратын орталыққа айналады дейді мамандар. 

-Ашық аспан астындағы мұражай бірнеше аймақтан тұрады. Бұл цитадель, шахристан және рабат. Цитадельде қала билеушісі, шахристанда ауқатты адамдар, ал Рабатта қолөнершілер мен қарапайым тұрғындар тұрды. Мұндағы ғимараттар ресейлік суретшілер Верещагин мен Вележевтің суреттері бойынша қалпына келтірілді. Қалашық 4,5 гектар жерді алып жатыр. Мұнда қазба жұмыстары әлі де жалғасуда. Археологтар көне тұрғын үйлердің қалдықтарын тауып үлгерді, олардың кейбірінде пеш пен тұрмыстық ыдыс-аяқтар дерлік бұзылмаған, - дейді Шымкент туристік ақпараттық орталығының менеджері Гүлнәр Бекмұратова.

Жалпы мегаполисте 20-дан астам тарихи-мәдени орындар мен саябақтар бар. 

– Біздің орталық ақпараттық қызметтің барлық түрін көрсетеді, – дейді Шымкент қаласының туристік ақпараттық орталығының басшысы Айдар Раманов. - Бұл біздің интерактивті тақта. Мұнда іс жүзінде барлық туристік сайттарды көруге болады. Қай жерден дәмді ас ішуге, бос уақытыңызды өткізуге болатынын білесіз. Сіз сондай-ақ заңгерлік көмек алып, визаға өтініш бере аласыз немесе біздің қалада болу мерзімін ұзартуға болады.