Мемлекеттік қызмет мінсіз болуы тиіс


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Басты мақсат-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту, рәсімнің өзін оңайлату, азаматтар мен заңды тұлғалар үшін қаржылық шығындарды азайту, бюрократиялық кідірістерді жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі “халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы”Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен айқындалады.

Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz, www.elicense.kz.

Ж. Есбергенова,

Әл-Фараби ауданы СЭББ бас маманы


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мемлекеттік қызмет мінсіз болуы тиіс