Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан қоғам талаптары мен ұлттық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамалық механизмдерін бірізділікпен құрып келеді.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері өз қызметінің ашықтығын арттырып, олардың үлесін қоғамдық бағалау жүйесін қолдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді рөл атқаруға шақырылады.
Осы бағытта Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2023-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірледі. Жоспарға қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнаманың сақталуын қадағалауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар кіреді.
Аталған шаралар аясында Басқарма мамандары құқықтық оқудан өтіп, заңнамалардағы өзекті өзгерістермен танысып, құқықтық нормаларды сақтауға бейімделеді. Құқық қолдану мәселелері басқарма басшылығының қатысуымен өтетін алқалар мен жиналыстарда жүйелі түрде қарастырылады.
Халықпен өзара іс-қимылды күшейту және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Басқармада сенім телефондары жұмыс істейді, олардың ақпараттары ведомствоның ресми сайтында жарияланған. Басқарма басшылығы мен Департаменттегі этика жөніндегі уәкіл бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдайды.
Сонымен қатар, қызметте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тәуекелдерді ішкі талдау үнемі жүргізіліп, кейіннен ұсыныстар әзірленеді.
Департаменттің этика жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнамалар жүргізіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көзқарас қалыптастырады, бұл ашықтық пен жауапкершілік атмосферасын құруға ықпал етеді.
А.Жылкыбаева,
Әл-Фараби ауданы СЭББ жетекші маманы