Тағам өнімін аларда қаптамасындағы таңбалауына назар аударыңыз!
Аудан халқын қауіпсіз және сапалы өніммен қамтамасыз ету мақсатында өнім қауіпсіздігі мониторингін жүргізу үшін 2024 жылы өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде 107 өнім сынамаларын сатып алып, 2024 жылдың тамыз-желтоқсан айларында сауда желісіндегі өнімдерге санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді. Алайда, заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу жүргізіліп жатқандықтан, сатып алу жұмыстары жүргізілген жоқ. Бұйрыққа сәйкес өнімді ҚР ДСМ СЭБК«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша зертханаға жеткізіліп, зерттеулер жүргізілді. 2024 жылы (тамыз-желтоқсан) 78 тағам өнімдерінен, 29 сынама тағам емес сынама алынып, зертханалық зерттеулер жүргізілді.
Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде жоспар-кестесінің орындалуы бойынша 2024 жылы тамақ және тамақ емес өнімдердің барлығы 107 сынама алынған, о.і. Қазақстандық өнім өндірушілерді өнімдері-15, Еуразиялық экономикалық одағы өнімдері-58, басқа мемлекеттердің өнімдері-34 . Мониторинг барысында барлығы 107 өнім сатып алынған, соның ішінде техникалық регламенттердін талаптарға сәйкес келмейтіні-10: физико-химиялық көрсеткіш бойынша-1, таңбалау бойынша-9. Кеден Одағының техникалық регламентері талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша 7 сауда субьектілеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.
Құрметті тұтынушылар!
Сауда орындарынан тағам өнімін сатып аларда өнімнің сыртқы пішіні, бүтіндігі мен орамына қарау қажет. Қаптамасындағы таңбалауға аса назар аудару қажет!
Таңбалануда өнімнің атауы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, өнімнің шыққан елі, дайындаушының атауы және орналасқан жері, тауар белгісі сауда марқасы), таза салмағы, құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, өнімді сақтау шарттары, ГТА (генетикалық түрлендірілген ағзалар) туралы мәлімет, ЕАС (Еуразиялық сәйкестік) белгісі міндетті түрде көрсетіліп, таңбалауы мемлекеттік және орыс тілдерінде тұтынушыға түсінікті болуы тиіс.
Қауіпсіз тағам өнімін дұрыс таңдай білу-денсаулықтың кепілі.
Г.Тышканбаева,
Әл-Фараби ауданы СЭББ бөлімі басшысы