Стоматологиялық асқынулардың алдын алу
Халыққа стоматологиялық көмек көрсету медициналық көмектің ең көп тараған түрі болып табылады. Бұл ретте стоматологтың қабылдауында жіті және созылмалы іріңді-септикалық аурулар, вирустық гепатит, АИТВ жұқтырған науқастар да болуы мүмкін. Көп жағдайда емделушілер өздерінде бар түрлі жұқпалар туралы білмей, басқа пациенттер мен персонал арасында ауруханаішілік инфекциялардың таратушы көздері болып табылады. Сондықтан, барлық емделушілерді инфекциялардың әлеуетті көздері ретінде қарау керек.
Стоматологиялық практикада медициналық көмекпен байланысты инфекциялар мәселесі аса өткір болып табылады. Бұл ауыз қуысындағы әртүрлі микроорганизмдер, тек қана ауыз қуысының резидентті микрофлорасы ғана емес, сондай-ақ түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштары болуымен байланысты. Атап айтқанда, адам сілекейінде туберкулез, тұмау, герпес, саңырауқұлақ инфекциясы және сол сияқты аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін.
Тіс дәрігеріне көріну тиімсіз емдеу, стоматологиялық кабинетте дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің сақталмауы, асептикалық ережелердің бұзылуы және басқа да факторларға байланысты асқыну жағдайларына әкеліп соғуы мүмкін, олардың жүзеге асырылуында жетекші рөл медициналық персоналға тиесілі.
Стоматологиялық клиникада медицициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың профилактикасы санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және дезинфекциялық-стерилизациялық іс-шаралар кешені арқасында жүргізіледі:
· стоматологиялық мекемелерді дезинфекциялау заттарымен қамтамасыз ету, бақылау және пайдалану;
· дезинфекциялық және стерилизациялық жабдықтарды пайдалану дәрежесі;
· пайдаланылатын дезинфекциялау заттары туралы медицина қызметкерлерінің білім деңгейлері;
· дезинфекциялау құралдарының ауыстырылып тұруы.
Стоматологиялық көмекке жүгінген кезде Сіз өзіңізге көрсетіліп жатқан медициналық көмек сапасына, медициналық мекеме үй-жайының санитарлық жағдайына назар аударуыңыз керек.Стоматологиялық науқасты клиникалық тексерудің негізгі мақсаты-дәрігер-стоматологқа келген адамның ауруын дұрыс анықтап,тиімді емдеу әдісін таңдап алу және оны жоғары деңгейде жүргізу.Стоматологиялық науқасты тексеру жалпы медициналық қағидаларға негізделе отырып жүргізіледі және бет-жақ аймақтары ағзаларының жағдайын тексеру науқасты жалпы тексерудің маңызды бір тізбегі болып саналады.
Сонымен қатар, стоматологиялық емханаларды (кабинеттерді) күтіп-ұстауға қойылатын бірнеше санитариялық- эпидемиологиялық талаптар бар. Олар:
· Әр стоматологиялық кабинетте стерильді материалдар мен құрал-саймандарға арналған үстел немесе құрал-саймандарды сақтауға арналған бактерицидті камера орнатылады.
· Барлық стоматологиялық кабинеттер манипуляциялар арасында оларды өңдеу үшін қажетті
уақытты ескере отырып, үздіксіз жұмыс істеу үшін жеткілікті көлемде медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етіледі
· Протездер және балауыз білікшелері бар қалыптар өлшеу алдында дезинфекциялануы тиіс. Бедерлемелерді алуға арналған қасықтар дезинфекцияланады және стерильденеді.
· Бор машиналардың ұштықтары дайындаушы зауыттың ұсынымдарына сәйкес әр пайдаланғаннан кейін дезинфекцияланады, стерильдеу алдында тазаланады және стерильденеді
· Кабинеттерді бактерицидті сәулелегіштермен немесе басқа да ауаны зарарсыздандыру құрылғыларымен жабдықтайды.
Н.Сурашова
Әл-Фараби ауданы СЭББ маманы