А. Көлгінов: Кіші авиациямен қатар іші туризмді де дамытуға болады

А. Көлгінов: Кіші авиациямен қатар іші туризмді де дамытуға болады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өңірде ішкі туризмді дамыту үшін қандай шаралар жоспарланғанын айтып берді.

"Туристік орындар өте көп, бірақ барлық жерде бірдей инфрақұрылым дамымаған. Ірі нысандардың бірі – Жәңгір хан музейі, көпшілік қызығатын жер, бірақ облыс орталығынан 600 километр қашықтықта. Жазда жетуге болады, бірақ күз бен көктемде – қиындау. Ұзақ мерзімді жоспарда осы мәселені қалай шешуді ойластырамыз", — деді Көлгінов брифингте. 

Оның айтуынша, облыстағы Алаш қозғалысы музейлерінің біріне баратын жол мәселесі реттелген, алайда инфрақұрылым проблемасы күн тәртібінен алынбайды.