Жетісай полицейлері түнгі рейдте де түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

жетсайполрейд.jpg

Әлемді дүрліктірген індетпен күресті күшейту және қауіпті сейілте отырып азаматтардың денсаулығын өорғау мақсатында Жетісай аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері күні-түні тынбай қызмет атқаруда. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.  

Жетісай қаласында карантин жариялануына байланысты сағат 19:00 мен 06:00 аралығында қала ішінде көлік қозғалысына және адамдардың бейберет жүріп тұруларын шектеу шаралары енгізілді. Осы бағытта аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі рейдтік іс-шараларды көптеп ұйымдастырып, көшеде беймезгіл уақытта жүрген адамдарды тоқтатып, төтенше жағдай тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. 

Естеріңізге сала кетсек, тәртіпке бағынбаған азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлдар салынады. Түркістан облысының полицейлері өңір тұрғындарын төтенше жағдай тәртібіне бағынып, заң бұзбай сабырлық танытуға, аса мәжбүрлік болмаса үйден шықпауға шақырады.