Шардаралық полицейлер қорадан қой ұрлағандарды шұғыл ұстады

шарпол.jpg

Шардара ауданының полицейлері қорадан қой ұрлаған үш күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Шардара аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында түнгі уақытта белгісіз тұлғалар тұрғын үйінің ауласына заңсыз кіріп, қорасынан бір қойын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-1-бабымен тіркелді. 

Хабарламаны алысымен оқиға орнына жеткен полицейлер мал ұрлығын ашу мақсатында жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жақын аймақтарды аралап шығып, мұқият тексеру жасалды. Нәтижесінде осы ұрлық қылмысына қатысты үш күдікті азамат ұсталды. Күдіктілердің біреуі бұрын сотты болғаны белгілі болды, ол қамауға алынды. Ал, қалған екі күдіктінің бас шарасы «қолхатта». 

Тергеу барысында анықталғандай, жеңіл жолмен ақша табуды көздеген азаматтар алдын ала ұрлық жасауға сөз байланысып, үй иелеріне білдіртпестен көліктеріне қойды артып, жымқырып кеткен. Ұрланған қой күдіктінің бірінің үйінен айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ұрылардан сақ болу үшін қажетті қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар деп ескертеді. Аулаларыңызды жарықтандырып, бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Қора-жайларыңызды мықтылап бекітіңіздер. Үй жануарларына ен-таңбаларын уақытылы салдыртыңыздар. Егер, ұрлық орын алған жағдайда уақыт оздырмай, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыздар.