Түркістан облысының полицейлері есірткі сатқан азаматты ұстады

мархи.jpg

Түркістан облысы полицейлері есірткі сатқан азаматты ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Түлкібас ауданының тұрғыны шағымданып, таныс азамат есірткі заттарын сатып жүргені жөнінде хабарлама түсірген. Және өз тарапынан оның заңсыз әрекеттерін әшкерелеуге көмек көрсететін жеткізген. Осы бойынша Түлкібас АПБ-не аталған қылмысты ашуға тапсырма берілді. Аудандық полицейлер жайтты ҚР ҚК-нің 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» тіркеді. 

Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ-ның және Түлкібас АПБ қызметкерлері бірлесіп күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде, полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына төрт дана газетке оралған өсімдік тектес есірткі затын 6 мың теңгеге сатқан күдіктіні ұстады. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған есірткі құралы «кептірілген марихуана» болып шықты. Салмағы 14 граммнан асты. Осылайша, есірткі сатушы азаматтың жеке-басы анықталып, ол қасақана есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдап, оларды сату арқылы өткізгені белгілі болып, өзінің іс-әрекетімен ҚР ҚК-нің 297-бабында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны белгілі болды. Халық денсаулығына қасақана зиян тигізіп, ауыр санаттағы қылмыс жасаған күдікті «қамауда». 

Түркістан облысы полицейлері азаматтардызаң аясында тыйым салынған заттарды қолданбауға шақырады. Оны қолдану, сақтау, сатудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады