Полицейлер ұрыны үш сағатта ұстады

койк.jpg

Арыс қаласының полицейлері қорадан қой ұрлаған азаматты үш сағатта қолға түсірді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Арыс АПБ-не 102 телефоны арқылы жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз азамат үйінің сыртқы жағында орналасқан қорасынан 1 бас қойын ұрлап кетіп, 50 мың теңге шығын келтірген. Аталған жайт Арыс АПБ-не тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-1-бабымен енгізілді.

Оқиға орнына жеткен полицейлер шұғыл әрекетке кірісті. Қылмыскерді ұстау мақсатында барлық іс-шараларды жүргізді. Жедел-тергеу тобы, ұрлық болған аймақты мұқият қарап шықты. Көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары «қылмыстың ізін суытпай» 3 сағат ішінде малды ұрлаған күдіктіні ұстады. Ол көрші ауылдың тұрғыны болып шықты.

Тергеп-тексеру барысында күдікті «қойды қажет болғасын ұрладым»-деп толық мойындаған. Жоғалған қой ұсталған азаматтың қорасынан табылды. Айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы «міндеттеме». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде қойы табылған әйел: «Сіздерге алғысым шексіз. Әп-сәтте қойымды тауып бердіңіздер. Бұл сіздердің шеберліктеріңізбен қырағылықтарыңызарқасы», - деп полицейлерге ризашылығын білдірді.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға қора-жайларыңызды мықты материалдармен бекітіп, малдарыңызға ен-таңбаларын салдыртып отырыңыздар деп кеңес береді. Аулаларыңызды жарықтандырып, мүмкіндігінше дабылқақыш орнатуды ескертеді.



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Полицейлер ұрыны үш сағатта ұстады