Көліктерді тіркейтін Call-орталық ашылды

армянскийавто.jpg

Түркістан облысында Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеуге арналған сұрақтар үшін Call-орталық ашылды. Бұл туралы Түркістан облысының Полиция департаменті хвабарлады.

«Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алу үшін Колл-орталық құрылғанын хабарлаймыз. Байланыс телефоны: 8-725-33-58637 және 8-775-582-17-13. Жұмыс кестесі күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Облыс аумағында орналасқан МХҚКО-ның мекен-жайлары:
1. Түркістан МХҚКО - "Мега орталық» ғимараты
2. Сайрам МХҚКО. Қарасу ауылы С. Рахимов көшесі 10/79
3. Сарыағаш МХҚКО. Сарыағаш қаласы, Әйтеке би көшесі, 17 а
4. Ордабасы МХҚКО. Темірлан ауылы Аббасов көшесі, 11
5. Мақтарал МХҚКО. Мырзакент а. Мадиходжаев көшесі 7а үй

Атап өтер болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысымен Армения Республикасынан Қазақстан Республикасына әкелінген автомобильдерді тіркеуге қоюға рұқсат берілді. Осы қаулыға сәйкес;
- тіркеуге, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген, сол жақты басқаруы бар автомобильдер жатады.
- Тіркеуге тек 2020 жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген автокөліктер ғана қойылады. Тіркеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін белгіленген.
- басқару рулі оң жақтамалы немесе басқару рулі оң жақтамалыдан сол жақтамалы етіп қайта жабдықталған автокөліктер тіркеуге қойылмайды. Мұндай көліктерді Армения еліне қайта шығару керек
» делінген хабарламада.