Жәрдемақы алып беремін деп 17 адамнан ақша алған жүкті әйел ұсталды

алак.jpg

Жәржемақы алуға жәрдесетінін айтып, қызметін пұлдаған жүкті әйел алайықтық жолмен 800 мың теңге жинап алыпты. Бұл жайт Түркістан облысы полицейлерінің жүйелі жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде анықталды.

Сарығаш АПБ-не жергілікті тұрғын, жас қыз арызданды. Оның айтуынша өзіне жақсы таныс емес әйел «мемлекет тарапынан ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті алып беремін»-деп сендіріп, алаяқтық жолмен 30 мың теңгесін беріп, алданып қалған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді. Тәртіп сақшылары осы алаяқтықты жасаған күдіктіні іздестіріп, шұғыл әрекетке көшті. Аудандық полицейлердің жүйелі түрде жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары арқасында күдіктінің жеке-басы анықталды. Соңынан жинақталған ақпарат көздері нәтижесінде алаяқ әйел ұсталды. Ол жергілікті тұрғын, бұрында адамдарды «көлік жүргізу куәлігін алып беремін» деп алдап, сан соқтырып, салдарынан сотты болған жүкті жас әйел болып шықты.
Тергеу барысында күдіктінің бұдан бөлек осындай 17 жайтқа қатысы бары анықталды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 800 
мыңға жуық теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Кішкентай 2 баласы мен жүктілігіне байланысты бас шарасы «міндеттеме». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Егерде сіз алаяқтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, «102» телефонына шұғыл түрде хабарласыңыздар. Тез арада берілген ақпарат қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.